Сабақты зерттеу – педагогикалық ынтымақтастық кепілі

2021 жылдың  24 қараша күні  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Ақтөбе облысы  бойынша ПҚ БАИ кафедраның аға оқытушысы, магистр С.М.Шаштыгаринаның ұйымдастыруымен  Ақтөбе қаласы, №37 орта мектебінде эксперимент алаңы жоспары негізінде «Сабақты зерттеу – педагогикалық ынтымақтастық кепілі» тақырыбында ”Lesson Study”- іс әрекетті зерттеу жұмысы практикалық бөлімінің  2-сабақты талдау семинары өтті.

Семинарға желілік қоғамдастық бойынша тірек мектеп – №51 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Ж.Сауменова мен Ж.Базаргалиева қатысты. Семинар барысында зерттеуге алынған сыныптарда қазақ әдебиеті және орыс тілі пәндерінен сабақтар көрсетіліп, зерттеу тобының сабақты талдау отырысы өткізілді.

Семинардың тиімділігі – екі мектепте жүргізіліп жатқан жұмыс ортаға салынып, тәжірибе алмасу жұмыстары жүрді.

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?