Сапалы инклюзивті білім беру мен іске асыру бойынша диалог

«Өрлеу» – Жамбыл мектепке дейінгі-мектеп-колледж-ЖОО жүйесі деңгейінде инклюзия жағдайында қосымша кәсіби құзыреттілікті дамыту мүмкіндіктерін қарастыру және талқылау, проблемаларды анықтау және білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың кешенді тәсілі жағдайында қазіргі заманғы үрдістерді талқылау үшін барлық білім беру деңгейлерінің ғалымдары мен педагогтерінің қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетінің орыс ғалымы Конокотин Андрей инклюзивті білім берудегі маңызды ғылыми зерттеулерді ұсынды. Конференция барысында Қызылорда қаласынан Акбембетов Болат, Қарағанды қаласынан Жұманбаева Құралай және Нижегородова Альфия, Ақтөбе қаласынан Кошмаганбетова Клара, Шу қаласынан Козкорпешова Жұмакүл, Тараз қаласынан Шутов Константин, Жамбыл ауданынан Байкеева Самал Қазақстанда педагогтерді инклюзивті даярлаудың қазіргі жағдайы мен мәселелері, ТжКБ жүйесінде инклюзивті практиканы іске асыру мәселелері, мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру инклюзивті ортаны ұйымдастыру бойынша өз ойларымен  бөлісті. Конференция білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы инклюзивті білім беру және іске асыру үшін диалог алаңына айналды, теориялық және практикалық тұрғыдан алғанда жоғары ақпараттық маңызға ие болды, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша республика педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін көрсетті.

Айгуль Абилова, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?