Семинар

«Өрлеу» – Жамбыл аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадаттың ұйымдастыруымен «Lesson study – сабақты зерттеу үдерісі» тақырыбында №54 орта мектебінде серіктес мектептермен бірлескен кәсіби семинар өтті.

Семинар сабақты зерттеу процесінде зерттеуші мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу, мұғалімдердің даму аймағын қалыптастыру және кәсіби сұқбат орнатумақсатында ұйымдастырылды.

Аға оқытушы Карымбаева Сағадаттың әдістемелік қолдауымен Тараз қаласындағы №44 Ш.Смаханұлы атындағы орта мектепте сабақты зерттеу тәсілі табысты қолданылуда, сондықтан семинарға серіктес №44 мектептің педагогтері шақырылып, өз тәжірибесімен бөлісті. Аталған мектептегіфокус топтарының модераторларымен бірге топтағы жас маманның да тәжірибесі мен рефлексиясы тыңдалды. Серіктес мектеп педагогтері арасында қызу кәсіби сұқбат орнады. №54 мектеп ұстаздары Lesson Study тәсілін ендірудегі алғашқы қадамдарын бастауға дайын. Келесі қадам фокус топтарын құру, топ модераторын, сарапшысы мен хатшысын анықтау. Мектептің сабақты зерттеу тәжірибесіне сәттілік тілейміз!

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?