Скаффолдинг – оқушыны жетістіктерге жеткізу жолы

Алматы облысы Талғар ауданындағы МДШО №17 орта мектебінің базасында «Скаффолдинг – оқушыны жетістіктерге жеткізу жолы» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылды. Семинарға №33, 39 мектептің пән мұғалімдері де қатысты. Семинар барысында мектеп тренері орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Н. Аубакирова, ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Кульбаева, химия пәнінің мұғалімі Ш. Ш.Суатаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Какеновалар өз іс-тәжірибелерімен алмасып, тренинг ұйымдастырды. Оқушының жетістікке жетуі мұғалімнің асқан шеберлігі мен үлкен ізденісін талап етеді десек, айтулы семинар пән мұғалімдері үшін тәжірибе алаңы болды.

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?