ШҚО жас педагогтеріне арналған Ашық есік күні

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және білім беруді жаңғыртуды сүйемелдеу мақсатында 2021 жылғы 29 қыркүйекте “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлерді арттыру институты ШҚО білім басқармасымен бірлесіп, Халықаралық Мұғалімдер күніне арналған “ШҚО жас педагогтеріне арналған Ашық есік күні” атты  салтанатты іс-шарасын өткізді.

Жас мұғалімдермен жұмыс – бұл педагогикалық қызметкерлердің тиімді тәжірибелерін тарату, жас мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету, білім беру жүйесінің барлық провайдерлерінің жұмысын үйлестіру формаларының бірі. Бүгінде “Өрлеу” Мұғалімдер үйі – Шығыс Қазақстан облысының инновациялық, әдістемелік және білім беру орталығы болып табылады. Оның қабырғасында өңір педагогтары біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтеді, әдістемелік көмек алады, тәжірибе және педагогикалық инновациялармен алмасады. Ол үшін мұғалімнің үйінде барлық жағдай жасалған.

Іс-шараға облыстың жас педагогтары, ШҚО білім басқармасының “Шығыс” өңірлік орталығы” КММ, “НЗМ” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан атындағы университеттің өкілдері,  аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің басшылары қатысты.

Қонақтарға 21-ғасыр Өрлеуі туралы, жұмыстың жаңашылдығы мен болашағы туралы «Өрлеумен» бір қадам алда!» атты деректі фильм көрсетілді..

Іс-шара үш кезеңде өтті.

Салтанатты бөлімде “Өрлеу” БАҰО” АҚ Басқарма төрайымы Әсел Зейнұлқызы Мұхаметжанова онлайн режимде құттықтау сөз сөйлеп, педагог мамандығына “бүйірлік” кіру қарастырылған педагогтардың біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізіліп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты біз білім беру бағдарламаларының базасын толықтай дерлік жаңартып отырамыз. Атап айтқанда, “Өрлеу” БАҰО” АҚ биылғы жылы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бастамашы болған мамандыққа кіру кезінде жас педагогтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын дайындауға қатысады.

Сондай-ақ, ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімі басшысының м.а. Бұлбұл Жомартқызы Қозыбаева құттықтау сөз сөйлеп, жас педагогтерге жетістіктері үшін грамоталар табыс етті.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген құттықтау сөз сөйлеп, тренингке қатысқаны үшін жас мамандарға сертификаттар табыс етті.

“Шығыс Қазақстан облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Елена Александровна Крупко құттықтау сөз сөйледі, жас педагогтардың бағалы сыйлықтарымен атап өтті, мұғалімдер әулетінің ізбасарларын төсбелгілерімен құттықтады.

Іс-шараға қатысушыларды Абай атындағы гуманитарлық колледжінің директоры Фархад Саканович Курманов жылы лебізімен құттықтап, Мұғалімнің үйіне “Қазақтың Батырлық жырлары” сандық энциклопедиясын сыйға тартты.

Жас мамандар арасынан Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің “Көлденен орта мектеп-бақшасы” КММ жас педагогы Қажығалым Ұлболсын Еркінғазықызы және ШҚО білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің “Верх-Уба орта мектебі” КММ жас педагогы Крекотова Анна Анатольевна сөз сөйледі.

Әрі қарай Мұғалімнің үйіне экскурсия жүргізілді. Қонақтар “Coworking centr”, “Ақпараттық-әдістемелік орталық”, “Монтессори”, “бейне және дыбыс жазу студиясы”, “Maker Space” (шығармашылық шеберхана), “Институт тарихы залы” кабинеттерін аралады. Экскурсия барысында филиал оқытушыларының әдістемелік басылымдарымен танысты.

Практикалық бөлімде жас педагогтер “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалдарының, “НЗМ” АҚ Педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі тренерлері, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің, ШҚО білім басқармасының “Шығыс” өңірлік орталығы” КММ оқытушылары, қала мектептерінің тәжірибелі және озық мұғалімдері өткізген шеберлік сыныптары мен тренингтерге қатысты. Сонымен қатар филиал оқытушылары мен әдіскерлері жас мамандар үшін сабақты жоспарлау, дескрипторлар жасау, критериалды бағалау және т.б. бойынша жеке консультациялар өткізді, мұғалімдер педагогикалық шеберлік қоржынын “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы ШҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты әзірлеген әдістемелік ұсынымдармен және оқу құралдарымен толықтырды.

Салтанатты іс-шараның соңында “Өрлеу” филиалының директоры Гаухар Сайлаубекқызы Жұманова жас мамандарға алғысын білдіріп, оларға креативті идеялар, шығармашылық шабыт, оптимизм тіледі. Ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және тәлімгерлікке шақырды. Мұғалімдер үйінің есігі облыс педагогтары үшін әрдайым ашық. Институт басшылығы болашақта Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен “Тургенев” трамвай аялдамасына “Мұғалімдер үйі” деген атау беруді жоспарлауда. Бұл атау мұғалім мамандығының мәртебесі мен беделін арттыра түседі. Басқа қалалардан келген педагогтерге жергілікті жерді оңай бағдарлауға көмегін тигізеді.

Гаухар Сайлаубекқызы барлық қатысушыларды Халықаралық Мұғалімдер Күнімен құттықтап, шеберлік сыныптары мен тренингтерге қатысқаны үшін сертификаттар табыс етті.

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?