Экологиялық Форум: педагогтің кәсіби өсуі

«Өрлеу» – Жамбыл 22-26 қараша аралығында «Жаңа жағдайда экологиялық білім беру» тақырыбында экологиялық-білім беру форумын өткізуде. Форумның алғашқы күні «Педагогтің кәсіби өсуі» тақырыбына арналып, педагогтер эко-білім мен тәрбиені жүзеге асырудағы өз тәжірибелерімен алмасты. Атап айтқанда: кафедра меңгерушісі, PhD докторы Мирзалиева Эльмира климаттың өзгеруіне қарсы күрес, аға оқытушы Абдикеримова Назира қосымша білім берудегі экологиялық тәрбие, Облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Сағандықова Ольга Жамбыл облысында балаларға экологиялық білім беруді дамыту бойынша қызметтің тиімді бағыттары, аға оқытушы Светлана Шевченко инновациялық мүмкіндіктер және мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: экологиялық мәдениет жолында тақырыбын ашты, №43 орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мархабат Қожагелдиева қоршаған әлемге деген сүйіспеншіліктің дамуына септігін тигізетін табиғи материалдан жасалған таңғажайып бұйымдарды көрсете отырып, тәжірибесімен бөлісті.

Айгуль Абилова, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?