Қосымша білім берудегі STEM және STEAM

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өрлеу» БҚО институтында «Қосымша білім берудегі STEM және  STEAM» тақырыбында ZOOM платформасы режимінде облыстық вебинар өтті.

      Вебинардың мақсаты: STEM және STEAM білімі интеграцияланған тәсіл және педагогикалық кәсіби шеберліктің жаңа форматы ретінде педагогтердің шығармашылық және зерттеушілік қызметін арттыру. Вебинар модераторлары Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Сайра Сексенбаева мен Гүлмаржан Өтеғұл. Вебинар жұмысын институт директорының орынбасары Елдос Сафуллин алғысөзбен ашып,  қатысушыларға сәттілік тіледі.    Вебинарға қатысушылар  қосымша білім беруде жаңа STEM және STEAM-нің ерекшілігі мен өзектілігі, балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдарлау қызметін технологиялық интеграциялау, STEM және STEAM бағыты бойынша педагогтердің шығармашылық және зерттеушілік қызметі жөнінде құнды ақпараттармен бөлісіп, керібайланыс жасап, пікірлерімен алмасты.  Қатысушылар өзекті тақырыпты арқау еткен «Өрлеулік» аға оқытушыларға алғыстарын білдірді.

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?