Облыс педагогтары зорлық-зомбылыққа қарсы

Ағымдағы жылдың 26 қарашасы күні «Ақтөбе-Өрлеу» филиалы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесе онлайн форматында, «Қоғамда, жанұяда және мектепте зорлық көрсету мен көрсетпеу ұстанымдары» атты оқыту-семинарын өткізді.

Оқыту-семинары мақсаты – «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында мұғалімдер, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық –зомбылықтың алдын-алу мәселелері бойынша ақпарат беру арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілердің санын төмендету және жою жолдарын түсіндіру.

Оқыту-семинарында  облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Д.Б.Тынымкулова., Ақтөбе облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, Полиция капитаны А.Б.Марзакенова., «Малика» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының директоры Д.Қ.Карабалина қатысып зорлық-зомбылықты болдырмау және жою жөніндегі күресті жандандыру, насихаттау, отбасындағы қарым-қатынастың маңызы туралы айтып өтті.

Семинарға қатысушы педагогтер қауымы көтерілген мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісе отырып тәжірибе алмасуда, акцияны толық қолдайтындықтары туралы тұжырым жасады.

Семинар қолайлы орта ынтымақтастығында қортындыланды.

«Ақтөбе-Өрлеу» филиалы ұжымы семинар-практикумды өткізуге қолдау көрсеткендерге өз ришалығын білдіреді!

X

Наши филиалы

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?