«Ұлы Дала Елі» этномәдени Форумы мәресіне жетті

«Өрлеу-Жамбыл» филиалы «Ұлы дала елі» V республикалық этномәдени форумын өткізуді аяқтады. Екінші күні форумның негізгі жұмысы өтті – көрермендер талқысына барлық төрт бағыт бойынша үздік жұмыстар ұсынылды. Қорытындысында сараптамалық комиссия мүшелері – Хайрушева Жанар, Аманова Гүлхан және Ізбасаров Ербол өз ойларымен бөлісті. Этномәдени форумның екі күндік жұмысының нәтижесінде институттың сайтына ең үздік жұмыстарды және «Өрлеу» білім беру арнасына өңірлік компонент және өлкетану бойынша сабақтар мен іс-шараларды өткізу үшін әдістемелік цифрлық контент ретінде пайдалануға болатын ең үздік жұмыстарды жүктеу туралы шешім қабылданды. Қазақстан географиясы бойынша сабақтар бойынша әдістемелік қоржын құру жөнінде көптеген пікірлер айтылды.

Гүлхан Аманова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?