Lesson study: фокус тобы құрылды

«Өрлеу» – Жамбыл филиалының  аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадат Тараз қаласындағы №54 орта мектебінің базасында бірлескен кәсіби дамуды қолдау мақсатында фокус тобын құрды. Сағадат Мейрамбаевна №54 орта мектебінде құрылған «Ұшқын» фокус тобының модераторы болып бекітілді және топ мүшелері анықталып, хатшы, сарапшы және бақылаушылар тағайындалды. Өткізілген алғашқы отырыста фокус тобының зерттеу тақырыбын анықтау үшін кіріспе сабақтарын белгілеу және сынып оқушыларының деңгейлерін анықтау мақсаты қойылды. Осы мақсатта топ отырысына қатысқан мектеп психологының сараптамасы талқыланып, кіріспе сабақтарының кестесі, сарапшы мен бақылаушылардың қызметі жоспарланды. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау мақсатында арнайы сынып аудиториясы мен ата-аналармен тиімді байланыс орнату мәселесі ұйымдастырылды. Келесі қадам – кіріспе сабақтарын өткізу.

Айша Тулекова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

X

Біздің филиалдар

×

Powered by WhatsApp Chat

× How can I help you?