2022 жылдың 14 сәуірінде Ақмола облысы бойынша “Өрлеу” филиалының аға оқытушысы Гүлдана Сағындықова Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейінің базасында Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша көшпелі семинар өткізді. Педагогтер орыс тілі сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану және өнімді оқу стратегияларын қолдану бойынша өз тәжірибелерін ұсынды. Семинар барысында бірлескен жоспарлау, бақылау және талдау нәтижелері көрсетілді.

- 18 Апр
- 2022