«Баршаға қолжетімді сапалы білім беру» Ұлттық баяндамасын іске асыру бойынша құрылған жол картасы аясында Аққулы ауданының білім беру бөлімі әдістеме кабинетінің ұйымдастыруымен Б. Уахатов атындағы мектебінде «Іс-әрекеттегі зерттеу (Lesson Study)-мұғалімнің кәсіби жолы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының аға оқытушысы А. Мұхаметалина, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен ауданымыздың 16 мектебінен 36 педагог қатысты. «Lesson study және іс-әрекет шеберханасы» алаңшасында сабақты зерттеу бойынша көрме ұйымдастырылып, мектептер өз тәжірибесімен бөлісті.






Б. Уахатов атындағы және Жаңатан негізгі мектептерінің ұстаздары К. Бикеева мен Д. Табуктинова «Lesson study – біздің тәжірибемізде» және «Lesson study – мұғалімдердің кәсіби дамуындағы бірлескен тәжірибе» атты тақырыптарында өздері жиған білімі жайлы жиналған қауымды ақпараттандырды. Семинардың соныңда «Өрлеу» -Павлодар аға оқытушысы Ардак Мұхаметалина рефлексия жасап, негізгі сәттірді түйіндеді.