Бүгінгі күні білім беру саласында оқытудың сапасын арттыру тәсілінің бірі Lesson Study – зерттеу сабағын қолдану қолға алынуда. Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған. Lesson Study – мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі. Lesson Study – оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл. Институттың деңгейлік тренерлері: Жанагул Кужимова, Жанат Райымқұлова институттың оқытушылар құрамына Lesson Study – зерттеу сабағын жүргізудің ерекшеліктері, мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне тоқталып, жан-жақты талдаулармен семинар өткізді. Lesson Study – мұғалімдердің пәндік білімдерін тереңдететін, біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып табылады.

- 25 Янв
- 2023