Ағымдағы жылдың 09 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Lesson Study әдісін мектептерде қолдану» тақырыбында мұғалімдерді әдістемелік қолдау оқыту семинарын институттың аға оқытушылары Раушан Керимбекова мен Нағима Азбердиева өткізді. Оқыту семинарына Шымкент қаласы №119 жалпы орта мектептің негізгі пән мұғалімдері қатысты. Мақсаты: мұғалімдерді Lesson Study тәсілімен таныстыру, сабақты мұғалімдер зерделеуге бағытталған, оқытудың жоғары сапасына кепілдік беретін оқыту дағдыларын жетілдірудің тиімді түрі ретінде, сондай-ақ мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру. Іс-шара барысында Lesson Study – зерттеу сабағын жүргізудің ерекшеліктері, мақсаттары мен күтілетін нәтижелері мен жан-жақты оқытуды жақсартудың тәсілдеріне тоқталып өтті.Мұғалімдер Lesson Study тәсілін көкейлерінде жүрген сауалдарын қою отырып, тәжірибені жетілдіру мақсатында ақпарат алды.Кері байланыс жүргізіліп, Lesson Study – мұғалімдердің пәндік білімдерін тереңдететін, оқушының білім сапасының артуына ықпалы бар тәсіл екеніне көздерін жеткізді.

- 10 Фев
- 2023