Lesson Study оқыту сапасын арттыру туралы шебер сынып

2023 жылы 07 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ Түркістан қаласында орналасқан өкілдігінде «Lesson Study оқыту сапасын арттыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетудің тиімді түрі» тақырыбында аға оқытушылары Райхан Жуманова және Айгуль Айдосова шебер сынып өткізді. Шебер сыныпқа өкілдіктің маманы Гульбақыт Сейітман, аға оқытушысы Бекзада Тулегенова, Түркістан қаласы мен Сауран ауданының мұғалімдері қатысты. Мақсаты: мұғалімдерді Lesson Study тәсілімен таныстыру, сабақты зерделеуге бағытталған, оқытудың жоғары сапасына кепілдік беретін оқыту дағдыларын жетілдірудің тиімді түрі ретінде, сондай-ақ мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру. Мұғалімдер Lesson Study тәсілін белсенді қолдану арқылы тәжірибені жетілдірудің демократиялық жолына қолайлы жағдай тудыру туралы ақпарат алды. Кері байланыс жүргізіліп, келесі өтілетін шебер сыныптарға қажетті ой түйіндер түртіп алынды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар