Lesson Study – сабақтарды зерттеудің ерекше тәсілі

2023 жылдың 8 ақпанында №175 «Жаңа ғасыр» гимназия алаңында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арналған «Lesson Study  – сабақтарды зерттеудің ерекше  тәсілі»тақырыбында коучинг өтті. Іс-шараны Өрлеу РКДИ аға оқытушысы, п.ғ.к., доцент  Арзиева Алия ұйымдастырды.

Коучингтің мақсаты – мұғалімдерге оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында Lesson Study тәсілінің мәнін түсінуге көмектесу. Коучингтің бірінші бөлімінде  мұғалімдер орыс тілі мен әдебиеті сабағына қатысты. Екінші бөлімінде – дайындалған жоспар бойынша өткізілген сабақты талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ал нәтижесінде, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Lesson Study»  әдісін  енгізу барысында оқыту тәжірибесін жетілдіруге көмектесетініне тағы да көз жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар