Өрлеу БАҰО «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасы әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шымкент қаласы, №99 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдеріне «Lesson Study – сабақты зерттеудің тиімді жолы» тақырыбында семинар – тренинг ұйымдастырылып өткізілді. Семинар-тренинг мақсаты: Lesson Study – сабақты зерттеу арқылы мұғалімнің кәсіби дағдыларын дамыту және оқушыларды оқытудағы кедергіні анықтау. Әдістемелік көмек көрсету барысында Lesson Study тәсілінің негізгі ерекшеліктерін анықтап, зерттеу кезеңдерінің оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпалының тиімділігін түсінді. Іс-шара соңында бастауыш сынып мұғалімдері Lesson Study үдерісі бойынша қысқа мерзім жоспарын жасаудың жолдарын, зерттеу жүргізу қадамдарын үйреніп, оқытудың жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы екеніне көз жеткізді.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы
Тастанова Лаззат Амзеевна