Ағымдағы жылдың 22 қаңтары күні Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтында Lesson Study технологиясын оқу үрдісінде тәжірибеде қолдану бойынша «Lesson Study іс-әрекетте» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Әрбір педагог үшін кәсіби білімін жетілдіру, құзыреттілігін арттыру басты мақсат болып табылады. Себебі, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді.
Мұғалімнің білімін жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын Lesson Study әдісі қазіргі кезде оқу үдерісінде табысты қолданылуда.