ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаев және Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновпен бекітілген 2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасы» негізінде, «Педагогикалық дуэт» жобасы аясында 06.04.2023 жылы Шымкент қалалық білім бөлімі басқармасымен бірлескен ауқымды іс-шара – «Lesson study сабақты зерттеу: кәсіби даму, тәжірибе, сапалы білім» тақырыбындағы республикалық семинар онлайн және оффлайн форматында өтті. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Семинардың мақсаты: Лессон стади сабақты зерттеу технологиясын білім беру саласында кедергілер мен кемшіліктерді анықтау арқылы оқыту мен оқуды жақсарту жолындағы жұмыстарды жетілдіру• Бірлескен онлайн республикалық семинар екі бөліктен тұрды: Бірінші бөлім пленарлық онлайн ZOOM –мен онлайн режимінде өтті. Семинардың пленарлық кезеңіне республика бойынша Өрлеу БАҰО АҚ филиалдарынан халықаралық дәрежедегі тренер-аға оқытушылары және республикамыздың он төрт облысынан үздік практик- мұғалімдер қатысты. «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ Республикалық КДИ, тренері А.И.Есентаева Lesson stadyді жүргізуді ұйымдастыра білудің ғылыми негіздеріне, Жамбылдық әріптес З. Смаилова LS- сабақты зерттеу : тәжірибе мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәсілдерге жан-жақты талдаулар жасаса, Павлодар облысынан «Достық ЖОМ» бастауыш сынып мұғалімі Егорычева К. өз практикасынан зерттеу сабақтарының нәтижелерімен бөлісті. Семинардың тәжірибелік кезеңі Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №86 ЖОББМ-ң базасында өткізілді. Облыстың аудандары мен Шымкент қаласынан жалпы саны 300-ден ас тренерлер, мұғалімдер мен әдіскерлер қатысқан Республикалық семинарды Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.А.Тажиева және «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиал директоры п.ғ.д.,профессор Л.Т.Искакова ашты. Практикалық зерттеу сабақтары кезең-кезеңімен циклдар бойынша өтілді; «Lesson stady» зерттеу сабағының 3-кезеңі физика пәні мұғалімі, Ф.Р.Танагулова «Физика сабақтарында саралап оқыту тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білімін жан-жақты дамыту», Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Б.Талдахметова «Формирование навыков взаимообучения учащихся на уроках русского языка и литературы через приемы тандем», Математика пәні мұғалімі Н.Е.Байтелиева «Цифрлық технологияларды қолдану арқылы математика сабағында ЖАДА қалыптастыру» тақырыбында «Lesson stady» зерттеу сабағының 1-кезеңі бойынша, Бастауыш сынып мұғалімі А.С.Сейтмагамбетова «Рольдік ойындар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» зерттеу тақырыбында сабақтар өтті. Практик-мұғалімдер сабақтарға толық қатысып, оқу үдерісін бақылау парақшаларымен үш «бақылаудағы оқушыларды» бағалады. Бақылаған сабақтары бойынша әр сабаққа жан-жақты SWOD талқылаулар жасады. Семинарға қатысушылар бүгінгі іс-шараның дер кезінде, жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, мұғалімдердің қажеттілігін өтеуде, сабақты зерттеу тәжірибелерін, кәсіби шеберліктерін жетілдіруде өте үлкен көмек болғанына ерекше ықыластарын білдірді. Семинар соңында шығармашыл практик-мұғалімдер еңбегі марапатталды.

- 06 Апр
- 2023