«Lesson Study – сабақты зерттеу тәсілі» тақырыбындағы семинар

Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жартынова Жанар, Арзымбетова Салтанат, Байболова Гүлжанат, Жақсым Орынбек, Көмекова Сандуғаш Алматы қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының ұжымына «Lesson Study – сабақты зерттеу тәсілі» тақырыбында семинар өткізіп қайтты.

Семинарда бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру, оқыту үшін бағалау әдістерін табысты қолдану мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар тарапынан берілген кері байланыс мектептегі зерттеу сабақтарын әрі қарай жетілдіруге ықпалын тигізері анық.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар