2023 жылғы 13 сәуірде «Өрлеу» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» педагогтерінің сабақ зерттеу арқылы, сабақты зерттеудің тиімділігін көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында «Lesson study – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолдары» атты облыстық семинары өтті.
Семинар жұмысына «Өрлеу» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері, ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы» КММ өкілдері, Абай облысы білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ өкілдері, қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, математика-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық бағыттары пәндерінің мұғалімдері белсене қатысты.
Семинар жұмысы «Lesson study» әдістемелік –танымдық студиясында «Lesson study – біздің тәжірибемізде», «Ой бөліс, пікір алмасу» алаңынан» басталып кетті.
Семинардың жұмысы тәжірибелік алаңдар мен ашық сабақтармен жалғасып, бастауыш сынып мұғалімдері, математика-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық бағыттары пәндерінің мұғалімдері зерттеу сабақтарын көрсетті. Зерттеу сабақтарын бақылаушы мұғалімдермен бірлесе отырып семинар қатысушылары да қызыға талқылап, көкейдегі көптеген сұрақтарға жауап алды.
Семинар бағдарламасына сәйкес қатысушылар «Lesson study және іс-әрекет шеберханасы», «Іс-әрекетті зерттеу тәлімгер және жас маманның іс- тәжірибесінде», «Шығармашыл, дарынды шәкірт білікті ұстаздан» көрмелерінің жұмысымен танысты.
«Lesson study – зерттеу орталығында» мұғалімдерге «Сізден сұрақ, бізден жауап» айдарымен Әдістемелік көмек көрсетілді.
Семинар «Сабақты талдау педагогтің кәсіби дамуына ықпалы», «Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын геймификация әдісі арқылы қалыптастыру», «Сабақтың сапасын арттырудағы оқушы үнінің маңызы», «SMART – мақсаттың орындалуындағы бақылаушының рөлі», «Lesson study – мұғалімдердің кәсіби дамуындағы бірлескен тәжірибе» атты шеберлік сабақтарымен жалғасын тапты. «Кері байланыс маңызды үрдістің бірі» тақырыбында мұғалімдермен семинар жұмысы қорытындыланып, кері байланыс берілді.






