Lesson Study әдісі арқылы оқыту: тәжірибе алмасу және тиімді оқыту жолдары.

Lesson Study әдісі арқылы оқыту: тәжірибе алмасу және тиімді оқыту жолдары.

2025 жылдың 19 наурызында № 180 мектеп-гимназиясында ZOOM платформасы арқылы курстан кейінгі қолдау мақсатында республикалық семинар-тренинг өтті. Шараның мақсаты – Lesson Study әдісін қолдану арқылы сыныптағы оқу процесінің тиімділігін арттыру, мұғалімдердің педагогикалық әдістерін жетілдіру және оқушылардың оқу мотивациясын жоғарылату.

Семинарға Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушылары: Назерке Карабалаева, Жанар Жартынова, Салтанат Арзымбетова, Алатау ауданы ББ әдіскері: Рита Адамбекова, Қарағанды қаласы «Бауыржан Момышұлы» атындағы ЖББМ ағылшын пәні мұғалімдері: Зауреш Турлыбекова, Хиса Жангул, Қызылорда облысы, Арал ауданы №83 ОМ биология пәні мұғалімі: Достыккуль Абдикаликова, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, «Б.Майлин» атындағы ОМ ағылшын және тарих пәні мұғалімдері: Ұлмекен Оразаева, Майгул Тегинбаева және Алматы қаласы № 180 мектеп-гимназия мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар төмендегі тақырыптар бойынша тәжірибе алмасты:

🔹 Биология сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалай арттыруға болады?

🔹 Lesson Study: тиімді тәжірибемен табысқа жету (8 «Ә» сыныбы)

🔹 Lesson Study – оқу мен оқытуды жақсартудың тиімді тәсілі

🔹 Бастауыш сыныпта оқыту мен оқу үдерісінде Lesson Study зерттеуін қолдану (3 «Ә» сыныбы)

🔹 Ағылшын тілін оқытуда Lesson Study-дың тиімділіктері

🔹 Сабақтарды зерттеудегі интерактивті тәсілдердің рөлі (10 «Ә» сыныбы)

🔹 Lesson Study – зерттеу жұмысының тиімділігі

Қатысушылар жаңашыл идеялармен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыдан өсуге мүмкіндік алды. Семинар соңында педагогтер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай шаралардың жүйелі түрде жалғасуын қалайтындарын жеткізді.

#LessonStudy #ТәжірибеАлмасу #ҮздіксізДаму

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар