«Orleu Robotics» виртуалды білім беру көрме анонсы

«Өрлеу» Қостанай филиалы «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның 10 жылдығына арналған «Өрлеу»: мықты кадрлар – лайықты болашақ» білім беру форумы аясында «Orleu Robotics» виртуалды білім беру көрмесін ашады.

Көрме облыс педагогтерінің шығармашылық белсенділігіне ықпал етуге және олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және таратуға, робототехника сабақтарында оқушылармен жұмыс жасаудың жаңа формалары мен әдістерін насихаттауға бағытталады.

Көрмеде білім беру ұйымдарына лего-технологиялар мен робототехниканы енгізу туралы, мектеп STEM-зертханасының қызметі туралы, робототехника үйірмелері жұмысының ерекшеліктері туралы, оқушылардың робототехника бойынша ғылыми жобалармен жұмыс жасауы туралы, робо-сумо, кегельринг бойынша жарыстардың үзінділері және т.б. бейне материалдар ұсынылды.

Көрме бейнематериалдарымен «Өрлеу» Қостанай облысы бойынша Youtube арнасынан мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.youtube.com/playlist?list=PL8JgCCxtm9smxhjdPFidTO2QMSvGgqEOL

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар