«Өрлеу – Шымкент» журналы – Редакциялық саясат

«Өрлеу-Шымкент» республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, танымдық журналының редакциялық саясаты

 

Жалпы ережелер

Осы редакциялық саясат «Өрлеу-Шымкент» республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, танымдық журналы қызметінің негізгі қағидаттарын, мақсаты мен міндеттерін, бағыттарын, сондай-ақ жарияланымдарға және оларды қарау рәсіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

Журнал білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибемен, педагогикалық зерттеулер нәтижелерімен, әдістемелік әзірлемелермен және инновациялық тәсілдермен алмасу үшін тұғырнама болып табылады, сондай-ақ білім беру қызметіндегі заманауи педагогикалық практикалар мен инновациялық әдістерді танымал етуге бағытталған.

Журнал мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта,  жалпы  орта, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтеріне, педагогикалық мамандықтардың студенттеріне, педагогика саласындағы магистранттарға және өзге де мүдделі тұлғаларға арналған.

Басылымның мерзімділігі мен форматы

Журнал жылына төрт рет электрондық форматта шығарылады, бұл кең аудиторияға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

– оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тәсілдерін ашатын өзекті зерттеулер, әдістемелік әзірлемелер мен материалдар жариялау арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және білім беру ортасын жетілдіру үшін жағдай жасау.

Міндеттері:

– Оқыту мен тәрбиелеудiң жаңа әдiстемелерi мен технологияларын, олардың теориялық негiздері мен әртүрлi бiлiм беру контекстерiнде практикалық қолданылуын сипаттайтын мақалаларды жариялау.

– Цифрлық технологиялар, интерактивті оқыту нысандары мен сараланған тәсілді пайдалануды қоса алғанда, оқытудың инновациялық әдістерін енгізу тәжірибесін тарату.

– Білім беру процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми-педагогикалық зерттеулер мен әдістемелік әзірлемелерді ілгерілету.

Жарияланым бағыттары

Журнал келесі бағыттар бойынша мақалалар, зерттеулер, шолулар, әдістемелік әзірлемелер мен талдамалық материалдарды жариялайды:

– Білім берудегі менеджмент;

– Пәндерді оқыту әдістемесі;

– Тұлғаны тәрбиелеу және дамыту;

– Арнайы және инклюзивті білім беру;

– Үздіксіз педагогикалық білім.

Мақалаларға қойылатын талаптар

Мақала этика стандарттарына сәйкес келуі, өзектілігі, жаңалығы және практикалық маңыздылығы болуы тиіс;

Мақалалар бірегей, бұрын жарияланбаған, журналдың тақырыбына сәйкес болуы және журналдың белгіленген талаптарына сәйкес ресімделуі тиіс. Мақаланың бірегейлік дәрежесі кемінде 70% болуы тиіс (редакциялық алқаның шешіміне сәйкес;

Жарияланым тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Формат: мақалалар журнал редакциясы белгілеген форматқа: мақалалардың көлеміне, ресімделуіне, кесте, график және т.б. қамтитын мақаланың жекелеген құрылымдық элементтеріне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Мақалада міндетті түрде ақпарат көздері, дәйексөздер – бастапқы көздерге сілтемелерімен көрсетіледі.

Барлық материалдар сараптамалық бағалаудан (рецензиялаудан) өтеді. Рецензиялауды бейін бойынша білім беру саласындағы сарапшылар жүргізеді. Оң қорытынды болған жағдайда мақала жариялауға қабылданады.

Материалдарды ұсыну рәсімі

Авторлар мақалаларды электрондық пошта немесе белгіленген байланыс арналары арқылы жібереді. Жариялау алдында материалдар редакциялық алқаның алдын ала іріктеуінен және тәуелсіз сарапшылардың рецензиялауынан, сондай-ақ «Антиплагиат» жүйесі арқылы міндетті тексеруден өтеді.

Жарияланым этикасы

Журнал академиялық адалдық қағидаттарын ұстанады: плагиат, өзіндік плагиат, деректерді бұрмалау немесе академиялық жосықсыздықтың кез келген нысанына жол беруге болмайды.

Мақалаларды қарау және рецензиялау кезінде ақпараттың құпиялылығы сақталады. Авторлар, рецензенттер және редакция процеске қатысушылардың авторлық құқықтарын және жеке ақпаратын құрметтеуге міндеттенеді.

Авторлар ұсынылған деректердің дұрыстығына, дәйексөздің дұрыстығына және этикалық стандарттарға сәйкестігіне жауап береді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар