«PIRLS-2021: КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК – НӘТИЖЕГЕ» жобасы аясында Өрлеу-Маңғыстау филиалында Маңғыстау облысының әр ауданынан жоба жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде 2024-2025 оқу жылында PIRLS жобасы бойынша оқу сауаттылығы мен оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалау, сондай-ақ мектептер мен ұстаздардың тәжірибелерін бөлісу мәселелері қарастырылды. PIRLS зерттеуінің әдістемесі, алдыңғы жылдардағы нәтижелері мен болашақта іске асырылатын шаралар талқыланып, оқушылардың оқу дағдыларын дамыту және білім беру процесін жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.
Дөңгелек үстелде мұғалімдер оқу сауаттылығын арттыру бойынша өз ұсыныстарын айтып, жоба аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел қорытындысында жоба нәтижелері білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалауда маңызды рөл атқаратыны және заманауи әдістерді енгізу, оқу дағдыларын дамыту бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі туралы айтылды.

- 24 Сен
- 2024