2022 жылдың қаңтар айының 26 жұлдызында «PISA зерттеулерінің әдісімен есептер құрастыру» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда РISA зерттеуінің математикалық сауаттылық бағыты бойынша оқушылырдың жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған тест тапсырмаларының мазмұнына және оны шешу жолдарына ерекше көңіл бөлініп талқыланды. Математикалық ойлау мен құбылыстарды сипаттауды түсіндіріп, болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтар мен құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелері негізге алынды.

