2023 жылдың 12 қазанында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ләззат Адыбаева Алматы облысы, Іле ауданы, №13 орта мектебінде «PISA халықаралық зерттеулері аясында тест тапсырмаларының түрлерін талдау» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға Алматы облысының Талғар, Қарасай, Іле аудандарынан 43 мұғалім қатысты.
Семинар жұмысының мақсаты – PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білуге бағыттау, тапсырмалардың түрлерімен танысып, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасай білу.
Семинарда география, биология мұғалімдері шебер сынып, коучинг, презентациялар көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар PISA тапсырмаларының түрлерімен танысып, тапсырмалардың әзірлеу алгоритмін анықтап, алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдану, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу жолдарына болжамдар келтіріп саралады.








