PISA Халықаралық зерттеулері бойынша семинар өтті

«Өрлеу» – Жамбыл институтының тренерлері Шынар Тойганбекова, Дина Сейданова және Аманкуль Есмырзаева  Жамбыл облысының білім беру ұйымдарының педагогтерінің қатысуымен халықаралық PISA зерттеуіне қатысуға дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде Тараз қаласындағы №57 орта мектеп базасында қазақ, орыс тілдері және жаратылыстану пәндері мұғалімдеріне «PISA Халықаралық зерттеулері:  шығармашылық ойлау, тапсырмалар дайындау және құрастыру» тақырыбында оқыту семинарын өтті. Қазақстандық мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту бойынша негізгі нұсқаулық ретіндегі PISA бойынша өткен іс-шара  барысында семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы саласындағы халықаралық зерттеулердің 2018 жылғы нәтижелерімен танысты және PISA тест тапсырмаларын талдауға қатысты. Семинардағы интерактивті әдістер мұғалімдерге құзыреттілікке бағытталған тапсырмалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін қызықты түрде ашуға мүмкіндік берді. Ұсынылған тақырыпқа сәйкес жаратылыстану және математикалық сауаттылыққа, шығармашылық ойлауға байланысты сұрақтар қойылды.

Жанар Кошкинбаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар