2022 жылдың 26-27 қаңтарында «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы Алматы облысы бойынша филиалы «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Қылышбекова Н.У. және Жакыпова Н.Б. PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселелері бойынша Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып «PISA халықаралық зерттеуіне білім алушыларды дайындау ерекшеліктері» тақырыбында онлайн режимде облыс мектептерінің ұстаздарына арналған вебинар өткізді. Екі күндік онлайн вебинарға кесте бойынша Алматы облысына қарасты аудандар (17 аудан) мен қалалардағы (3 қала) орта мектептердің 500-ден аса ұстаздары қатысты.
Вебинардың мақсаты: PISA халықаралық зерттеуіне білім алушыларды дайындау ерекшеліктері туралы тәжірибелерді тарату, мағлұмат беру, пікір алмасу.
Вебинаржұмысында тренерлер функционалдық сауаттылық – жан-жақты тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының қалыптасу деңгейін көрсететіндігіне тоқталып өтті. Онлайн іс-шара аясында қатысушы мұғалімдер іс-шараның бағдарламасына сәйкес тапсырмалар орындап, тақырып бойынша тәжірибе алмасты.