Үстіміздегі жылдың 28 наурызынан Меркі ауданының жаратылыстану пәнінің мұғалімдеріне «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «4К» моделін дамытудың білім беру технологиясы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды. Курс барысында педагогтер «4К» моделін дамытудың білім беру технологияларын, «4К» моделін қалыптастырудың өзектілігі мен даму тарихын, PISA халықаралық зерттеуіне қатысудағы Қазақстандық тәжірибелермен танысып,«Soft skills» дағдыларын қалыптастыру құрылымын үйренеді.

