«Өрлеу» – Жамбыл PISA зерттеуіне қатысуға дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында Тараз қаласының Мұхтар Әуезов атындағы №33 орта мектеп базасында пән мұғалімдеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға қатысушылар өте белсенділік көрсетіп, PISA халықаралық зерттеу туралы көптеген тест тапсырмаларымен қарқынды түрде жұмыс жасап, өз ойларымен бөлісті. Ал тәжірибелік бөлімде тапсырмаларды өздерінің тарапынан әзірлеп үйренді. Топпен жұмыс жасау барысында төрт бағыт бойынша берілген мәтіндермен жұмыс жасай отырып, оқу сауаттылығы мен шығармашылық ойлау бойынша суреттерге атаулар беріп, логикалық сұрақтарға жауаптар алынды. Семинардағы интерактивті әдістер мұғалімдерге құзыреттілікке бағытталған тапсырмалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін қызықты әрі жан-жақты ашуға мүмкіндік берді.
Аманкуль Есмырзаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

