2021 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды «Өрлеу» филиалы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «PISA-2022-ге дайындық. Оқу сауаттылығы» тақырыбында облыстық вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты – PISA-2022 халықаралық зерттеуіне дайындық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің озық тәжірибесін курстан кейінгі қолдау және тарату.
Вебинар модераторы Мукушева Меруерт Алтынбековна, филиалдың әдістеме және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы белсенді оқу әдістері мен мәтінмен жұмысқа арналған тапсырмалар түрлерін көрсетті, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда оқу мақсаттарына жету жолдарын ұсынды.
Айткенова Мөлдір Болатовна, PISA бағдарламасы тренері, «№5 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі «Оқу сауаттылығы – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбындағы баяндамасында оқу сауаттылығын дамыту тәжірибесімен бөлісті.

Қарағанды облысы Жамбыл атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Разбекова Сана Какеновна «Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» факультативтік курсы аясында мектеп оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді тәжірибелері туралы айтып өтті.
Семинарға қатысушылардың рефлексиясы ұсынылған тәжірибенің маңыздылығын көрсетті және өз тәжірибесін дамытудың жаңа жолдарын анықтады.
Мукушева М.А.,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі