PISA-2022-ге дайындық: педагогтарға практикалық сессиялар

2022 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды «Өрлеу» филиалы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «PISA-2022-ге дайындық. Оқу сауаттылығы» тақырыбында практикалық сессия өткізді.

Сессияның мақсаты – PISA-2021 халықаралық зерттеуіне дайындық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің озық тәжірибесін курстан кейінгі қолдау және тарату.

Жұмыс барысында PISA халықаралық зерттеуіне қатысудан күтілетін нәтижелерге және оның деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында 15 жастағы қазақстандық мектеп оқушыларымен жүргізілетін оқу сауаттылығының тапсырмаларының мазмұнына назар аударылды.

Сессия модераторы Мукушева Меруерт Алтынбековна, филиалдың әдістеме және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы белсенді оқу әдістері мен мәтінмен жұмысқа арналған тапсырмалар түрлерін көрсетті, оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда оқу мақсаттарына жету жолдарын ұсынды.

Семинарға қатысушылардың рефлексиясы ұсынылған тәжірибенің маңыздылығын көрсетті және өз тәжірибесін дамытудың жаңа жолдарын анықтады.

Мукушева М.А.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар