Білім беру мазмұнында Қазақстанның этникалық саясатын жүзеге асыру бойынша мұғалімдердің пәндік-кәсіптік құзыреттілігін дамыту

Сіз не үйренесіз:

Курсты аяқтаған тыңдаушылар:

  • орта білім беру ұйымдарын жаңғырту жағдайында білім сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік этникалық саясаттың негізгі бағыттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолданады;
  • қоғамтану пәндерін оқу процесіндегі оқушылардың интеллектуалдық дағдыларын дамыту құралы ретінде ғылыми білімнің заманауи стратегиялары мен әдістерін зерттейді;
  • оқу жоспарының жаңалықтары мен «Тарих», «Құқық негіздері», «Дінтану» пәндерінің мазмұнын меңгеру үшін күндізгі және онлайн оқыту жағдайында заманауи ақпараттық технологиялар мен онлайн ресурстарды пайдалану дағдыларын көрсетеді.

Сипаттамасы:

Бағдарламаның мақсаты – орта білім беру ұйымдарында оқушыларды рухани құндылықтар мен діни толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Бағдарламаның міндеттері:

  • мемлекеттік этникалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер туралы білімдерін жаңарту;
  • біліктілік деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға, ҚР МББС-ң өзгеретін талаптарына сәйкес кәсіптік қызметті жүзеге асыруға дайындықты қалыптастыру;
  • оқу бағдарламасының жаңалықтарын және «Тарих», «Құқық негіздері», «Дінтану» пәндерінің мазмұнын меңгеру аясында заманауи IT-технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Өтінім қалдыру:

Пікір

Ұсынымдар:

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар