Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының информатика пәнінің мұғалімдеріне арналған педагогтердің біліктілігін арттыру курсының «Информатика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты – оқыту мен оқудың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін пәнді оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласындағы орта білім беру ұйымдары информатика пәнінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:

1) орта білім беру ұйымдары педагогтерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша білімдерін жаңарту, «Педагог» кәсіби стандарты мен Аттестациялау ережесіне сәйкес информатика мұғалімінің кәсіби құзыреттілік деңгейіне қойылатын заманауи талаптар туралы түсінік қалыптастыру; психологияның, педагогиканың заманауи әдістерін қолдану және инклюзивті білім беру принциптерін білім беру үдерісіне енгізу бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру;

2) біліктілік деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға, ҚР МЖМББС өзгеретін талаптарына сәйкес кәсіптік қызметті жүзеге асыруға дайындықты қалыптастыру;

3) «Информатика» пәні бойынша оқу үдерісін СББР және онлайн сервистерді пайдалану дағдыларын жетілдіру.

 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар