«PISA» халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту

Сіз не үйренесіз:

Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар:

1)білім алушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту, математикалық ой қорыту, оқытудың жобалық әдісі мен квалиметриялық тәсілді пайдалана отырып, математикалық есептерді шешу шеңберінде нормативтік-құқықтық актілердің негізгі бағыттары мен қағидаттарын, психологиялық-педагогикалық аспектілерін қолданады;

2)оқушылардың  психикалық-психологиялық денсаулығын, жағдаяттық есептерді шешуде функционалдық математикалық сауаттылықты тиімді дамыту үшін ұрпақтар теориясын және компьютерлік форматта «есептерді бірлесіп шешудің» жаңа нұсқасын зерттейді;

3)құрамында квантативтік (сандық), кеңістіктік және ықтималдық ұғымдары бар есептерді шешу үшін кәсіби және математикалық құзыреттілігін көрсетеді.

Сипаттамасы:

Бағдарламаның мақсаты – мектеп оқушыларының функционалдық математикалық сауаттылығын бағалау бойынша PISA халықаралық зерттеуі аясында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

«PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы педагогтердің  біліктілігін арттыратын курстың білім беру бағдарламасы PISA халықаралық зерттеуі аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау бойынша  мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.

Қазақ және орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының математика мұғалімдері

Өтінім қалдыру:

Пікір

Ұсынымдар:

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар