Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің оқыту сапасын, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруда, педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында мұндай семинарлардың тиімділігі жоғары.Осы орайда 02 ақпан күні Ақтөбе қаласы №18 орта мектебінде аға оқытушы Бадигуль Асанбайдың жетекшілігімен “PYTHON программалау тілін оқытудағы тиімді әдістер” тақырыбында информатика пәні бойынша облыстық тәжірибе тарату семинары өтті.
Мақсаты программалау тілдерін оқытуда педагогтердің танымдық және практикалық іс-әрекет дағдыларын, жалпы білім беру және интеллектуалды дағдыларын қалыптастыру, тәжірибе алмасу. Семинарға қала мектептерінен информатика пәні мұғалімдері қатысты.№18 орта мектебінің мұғалімдері Ж.У. Еркебаева, Л.Б. Абубакирова, А.Т. Амантаев, Б. И.Есеновалар кіріктірілген ашық сабақтар өткізді. Сабақта заманауи ресурстар қолданып, программалау тілдерін оқытуда мұғалімдердің танымдық және практикалық іс-әрекеттер дағдысын қалыптастыру мақсатында іс-тәжірибелерімен бөлісті. STEM оқытуды жүзеге асыруда оқушылардың түрлі байқауларда жеңіске жеткен жобаларынан көрме ұйымдастырылды.Семинарда іс-тәжірибелерімен бөліскен №18 орта мектебінің мұғалімдеріне және мектеп ұжымына алғыс айтамыз.




