2023 жылдың 5-қаңтар күні информатика пәні мұғалімдеріне арналған «PYTHON тілінде программалау негіздері» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді. Мақсаты білім беру мазмұнының жаңару жағдайында программалау тілдерін оқытуда педагогтердің танымдық және практикалық іс-әрекет дағдыларын, жалпы білім беру және интеллектуалды дағдыларын қалыптастыру.
Python тілі қазіргі кезде ең көп таралған программалау тілі болып саналады. Мүмкіндіктері кең Python тілі тек императивті және объектіге бағытталған тәсілдерді ғана емес, сонымен қатар функционалды тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Python жоғары дәрежедегі программалау тілі мектеп курсында оқытылуда. Сондықтан да вебинарда Python тілінің теориялық негіздері және бағдарлама құру жолдары туралы ақпараттар берілді. Практикалық дағдылар қалыптастыруға негізделген тапсырмалар талқыланды.
Ақтөбе қаласы №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімдері Ж.У.Еркебаева, А.Т. Амантаев және Ақтөбе қаласы №61 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Қ.Ж. Ажимбаева өз тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар соңында Padlet виртуалды тақтасы арқылы кері байланыс алынды, мұғалімдер жылы лебіздерін білдірді. Осы тақырыпта курс, семинарлар көбірек ұйымдастырылса деген ұсыныстар айтты.
Вебинар қатысушыларына шығармашылық табыс тілейміз. Болашақта бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.

- 05 Янв
- 2023