SMART оқытудың заманауи білім берудегі маңызы

Алматы облысы Іле ауданы №6 Ә.Молдабеков атындағы орта мектебінде «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Меруерт Бисенбаеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «SMART оқытудың заманауи білім берудегі маңызы» тақырыбында облыстық ашық сабақтар форумы өтті.

Форумның мақсаты — жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Бұл іс-шара барысында пән мұғалімдері ашық, панорамалық сабақтар, тренингтер, коучинг, шебер сыныптар өткізіп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Форум соңында үздік жұмыстар Институт директорының құрмет және алғыс хаттарымен марапатталды.

SMART оқыту — бұл заманауи технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып, оқу процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін маңызды құрал. Бұл тәсіл тек оқушылардың білімін ғана емес, мұғалімдердің де кәсіби деңгейін арттыруға үлкен ықпал етеді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар