Өрлеу Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары Айжан Есентаева мен Назерке Карабалаеваның ұйымдастыруымен №185 мектеп-гимназия базасында «SMART-оқыту: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. №185 мектеп-гимназия өз тәжірибелік алаңында халықаралық зерттеулерге негізделген практикалық сабақ құрылымдарын әзірлеу, кіріктірілген сабақтарды Smart құрылымдарға сай ұйымдастыру және практикалық жобалау бойынша озық тәжірибелерімен бөлісіп, зерттеулерін ұсынды.
Семинарға жалпы 50 қатысушы мен Институттың аға оқытушылары Айжан Есентаева, аға оқытушысы Н.Ә.Қарабалаева қатысты. Тәжірибелік алаң жұмысын Алатау аудандық Білім бөлімінің басшысы Қ.М.Акмурзаева алғы сөзімен ашып, талдама жұмыстарына қатысты. №185 МГ директоры Д.Р.Кержикеева шет елдік сараптамалық тәжірибелерімен бөлісіп, семинар жұмысын бастады. Семинар модераторы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Қали халықаралық зерттеулердің практикалық қолданысы мен сараптама көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, оқытудағы модульдерді жүйеледі. Семинардың екінші бөлімі практикалық тәжірибе бөлімінде Т.А.Сарыева, Н.С.Жомартова, Г.У.Ауелбекова, Н.Е.Назар, А.Т.Маукебеков шеберлік сабақтарын көрсетіп, топтық жұмыстарда кейстерді шебер ұйымдастырды.
Семинар сарапшылары іс-шараға жоғары бағаларын беріп, қатысушылармен тиімді кері байланысты ұйымдастырды. Озық көрсеткен кәсіби тәжірибелері үшін Д.Р.Кержикеева, А.С.Қали, Т.А.Сарыева, Н.С.Жомартова, Г.У.Ауелбекова, Н.Е.Назар, А.Т.Маукебеков инстиуттың құрмет грамотасымен марапатталды.