10 наурыз күні «Өрлеу»-БҚО филиалының қолдауымен ұйымдастырылған “Білім беру процесінде SMART – технологияларды білім беру сапасын арттыру факторы ретінде пайдалану ” атауымен Орал қаласының №7 ЖОББМ-те облыстық семинар – практикум өтті.
Семинар жұмысына қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, “ИнтеллектУм” желілік қоғамдастығының қатысушылары, мектеп директорлары мен директорлардың орынбасарлары қатысты.
Семинардың лейтмотиві Smart стратегиясы форматындағы заманауи сабақтың “құпиялары” болды. Бұл сабақта – күтілетін нәтижелерінің нақтылығы мен қолжетімділігіне бағытталған сабақ технологиясы. Оралдағы “Өрлеу” филиалы директорының орынбасары К.И. Байкатова ” Digital – білім беру және педагогты дамыту” тақырыбы бойынша сөйлеген сөзінде білім беруді цифрландырудың негізгі салалық трендтерін қозғады, digital – білім берудің басты белгілеріне, білім берудің цифрлық трнсформациясының проблемалары мен перспективаларына тоқталды.
“Қашықтықтан оқыту үшін Padlet сервисін қолдану” жобасын М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің биология және экология кафедрасының аға оқытушысы С. Н. Бохорова мен №7 ЖОББМ –тің биология пәні мұғалімі мен Н.М. Мещерякова ұсынды.
№7 ЖОББМ-тің математика пәні мұғалімі Ж. Х. Сагнаева “Білім берудегі жаңа тәсіл: СМАРТ – технологиялар” тақырыбы бойынша педагогтердің қызметін таныстырды. Семинардың практикалық бөлімінде интеграцияланған сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларға қатысу мүмкіндігі болды. Барлық сабақтардың айрықша ерекшелігі – бұлтты және SMART-технологияларды қолдану, сабақтың дәстүрлі және инновациялық аспектілерінің шебер үйлесімі болды.
Семинар соңында Smart – зертханалардың жұмысы ұсынылып, онда оқушылар мен педагогтер өздерінің «Көрнекі геометрия» жобасы, “Малявки” блогы, «Математика – бұл қарапайым» атты әзірлемелерін ұсынды.
Орал қаласы №7 ЖОББМ-тің директоры М. У. Кабакова мен мектеп ұжымына алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз.




