17-қаңтар күні Екібастұз қаласының Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінде бастау алған семинардың жалғасы 9-ақпан күні ««Педагогикалық практикада ХХІ ғасырдағы білім алушылардың («Soft_hard_mobility skills») дағдыларын дамыту» тақырыбындағы вебинарда жалғасын тапты.
«Өрлеу»-Павлодар филиалының оқу ісі бөлімінің басшысы, «Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы пәнаралық тәсіл» білім беру бағдарламасы бойынша тренері Балкен Ауталипова семинар барысында білімімен бөліссе, бұл жолы онлайн форматта өткен іс-шарада мектеп ұстаздары тәжірибелерімен алмасты. Вебинар барысында ұстаздар химия, қазақ әдебиеті, қазақ, орыс, ағылшын тілі, тарих сабақтарында, сондай-ақ бастауыш сыныпта және мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қатты, жұмсақ
дағдыларын дамыту әдістері мен тәсілдерін қолдану жолдары туралы ақпаратпен бөлісті.
Вебинардың мақсаты – педагогикалық тәжірибеде ХХІ ғасырдағы білім алушылардың («Soft_hard_mobility skills») дағдыларын дамытуға педагогтердің шығармашылық ізденісін жетілдіру, кәсіби шеберлігін арттыру, озық тәжірибемен алмасу және тарату болып табылады.
Іс-шарада мұғалімдерге педагогикалық практикада ХХІ ғасырдағы білім алушылардың (“Soft_hard_mobility skills”) дағдыларын дамыту бойынша жүйелі жұмыс тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беріліп, вебинарға қатысушылардың өз кәсіби тәжірибесін көрсетуі үшін жағдай жасалды.
Вебинар модераторы Балкен Ауталипова бұл вебинар ақпанның 16-сы жалғасын таппақ. Оған физика, биология, музыка пәндерінің мұғалімдері дайындалуда.