2023 жылдың 18 қаңтарында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Рысқұлбекова Құралайдың ұйымдастыруымен «Табысты білім беру ортасын құрудағы Soft Skills басқару дағдылары» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинарда тыңдаушылармен икемді дағдыларды жетілдіруде басшының кәсіби құзыреттілігін дамыту сұрақтары жан жақты қарастырылды. Мектептің тәрбие үдерісінің даму сапасы, өзгерістерді басқару, көшбасшылық қасиеттерді дамыту мүмкіндіктеріне мән бере отырып, педагогтерді, сынып жеткешілерді ынталандыру тиімділігі туралы талқыланды.
Вебинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті және кері байланыс алды.

