«Өрлеу» Қостанай филиалында пән мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың негізгі құзыреттерін қалыптастыру үшін Soft Skills дамыту жоспарын құру» тақырыбында оқыту вебинар өтті.
Вебинар тақырыбы өзекті, өйткені бүгінгі күнде әр мұғалім оқушыларының Soft Skills дамыту дағдыларын білу керек.
Қостанай филиалының тренері Ғалия Жүсіпова әріптестеріне Soft Skills дағдыларын дамыта отырып, қысқа мерзімді сабақты қалай жоспарлау керектігі туралы практикалық білім берді. Педагогтар Soft Skills дамытудың жұмыс бағыттарын, критерийлері мен тәсілдерін талқылады және негізгі құзыреттерді қалыптастыру үшін оқушылардың икемді дағдыларын дамыту жоспарын құруды меңгеріп, осы жұмыста кездесетін қиындықтар мен проблемаларды талқылады. Вебинарға қатысушылардың оң пікірлері жемісті жұмыстың көрсеткіші болды