Ү.ж. ақпан айының бірінші декадасында «Өрлеу» Павлодар филиалының тренері Ә. Несипбаева «Soft skills жобалау және бағалау» тақырыбындағы вебинар ұйымдастырды. Вебинарға Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің жас мамандары қатысты.
«Өрлеу» тренері тыңдаушыларға Soft skills дағдылары жайында айтып өтіп, оларды балаларда қалыптастыру үшін ұстаздардың оқыту процесін құру жайындағы білімімен бөлісті.
Талқылау жұмыс нәтижесінде мұғалімдер тиімді педагогикалық қызмет үшін тек кәсіби дағдылар ғана емес, сонымен қатар қосымша білім мен дағдылары: қарым-қатынас жасау, командада жұмыс істеу, өз қызметін жоспарлау, ақпаратпен жұмыс істеу, стресске төзімділік, және де көптеген басқа, яғни заманауи әлемде «soft skills» немесе «икемді дағдылар» деп аталатын дағдылар маңызды деген қорытындыға келді.
Вебинардың соңында Алем Жекенқызы тыңдаушыларға аталмыш тақырыпқа сай тапсырма беріп, ендігі наурыз айындағы кездесуде оның қорытындысын жасайтыны жайлы тилге тиек етті.