Soft skills дағдыларын жоспарлау мен бағалау

Наурыз айының 30-жұлдызында «Өрлеу» Павлодар филиалының тренері Ә. Несипбаева «Soft skills дағдыларын жоспарлау және бағалау» тақырыбында вебинар ұйымдастырды. Вебинарға Павлодар облысының педагогтері қатысып, жергілікті Б. Момышұлы атындағы ЖОМ, «Жас дарын» мамандырылған мектебінің, №33, Бекхожин атындағы №12, Ақсу қаласының №8 орта мектептер ұстаздарының бөліскен тәжірибесімен танысты.

Тыңдаушылар оқу үрдісінде IQ мен EQ-дің маңыздылығын талқылап, эмоционалдық зияткерлікті дамытудың жолдарымен, оның сабаққа әсер ететін тиімділігімен, халықаралық практика негізінде «икемді дағдыларды» әр сабақта қолданудың тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ, soft skillls дағдыларының шешендік өнерді дамытудағы әсері жайлы да жаңа ақпаратқа ие болды.

Сонымен қатар, soft skills дағдыларын қалыптастыру бағытында педагогтің кәсіби дамуындағы қиындық аймақтары мен траекториялары анықталды.

Семинар жемісті жұмыс жағдайында өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар