Steam оқыту жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымының заттық дамытушы орталығы

Алматы облысы, Қонаев қаласының «Ақдидар» балабақшасында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Анар Қайролдаева ұйымдастыруымен мектепке дейінгі  мекеме меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Steam оқыту жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымының заттық дамытушы орталығы»тақырыбында семинар өтті. Семинарға 52 мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері қатысты.

Семинардың мақсаты – Steam оқыту жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымы, балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негіз болатын заттық-дамытушы ортаны жобалауға теориялық және практикалық тұрғыда толыққанды дайындықты қамтамасыз ету.

Облыстық семинар жұмысында «Ақдидар» бөбекжай – балабақшасының меңгерушісі Наркез Сасенова алғы сөзін айтып, «Steam технологиясының балабақшада асырудың басым бағыттары» тақырыбында баяндамасын берді. Сонымен қатар, балабақша тәрбиешілері балалармен жүргізілетін түрлі белсенді іс-әрекеттерін көрсетті.

Іс-шара соңында семинар қатысушылары өз ойларымен бөлісіп, семинардың жоғары деңгейде өткенін айта отырып, алғыс хатпен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар