2025 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі – «STEM–педагог» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқауды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы – «Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты» ұйымдастырды. Дода орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өтті.
Байқаудың басты мақсаты – заманауи білім берудің өзекті бағыты болып саналатын STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) саласындағы инновациялық тәжірибелерді анықтау, үздік жобаларды қолдау және оларды республика көлемінде насихаттау.
Республикалық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам педагог қатысып, өздерінің авторлық әзірлемелерін ұсынды. Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау барысында теориялық біліммен қатар, практикалық нәтижелерге, оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын дамыту деңгейіне ерекше назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша төрт негізгі бағытта үздік нәтиже көрсеткен педагогтер анықталды.
Бастауыш білім беру саласы бойынша:
- І орын – Алипова Айгерим Курмангазыкызы
- ІІ орын – Нургожина Ляйля Каскановна мен Бапиева Ельмира Бердибаевна
- ІІІ орын – Култаева Асем Молдагалиевна
Орта буын бойынша:
- І орын – Кайрат Кундыз Кайратовна мен Бейсенбина Айгерим Абдигалиевна
- ІІ орын – Клышбаева Алия Данышбековна
- ІІІ орын – Ыбрашев Бақытжан
Жоғары буын бойынша:
- І орын – Наукенов Дармен Дауленбекулы
- ІІ орын – Оган Нурбек
- ІІІ орын – Сыдық Шолпан Бескемпірқызы
Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша:
- І орын – Ракишева Асель Толеугазыевна
- ІІ орын – Жиынбеков Уласкан Бостандыкович
- ІІІ орын – Акылбаева БалжанБекмуратовна
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған авторлардың жұмыстары арнайы республикалық әдістемелік жинаққа енгізілді. Бұл жинақ еліміздің өзге де ұстаздары үшін құнды тәжірибе мен бағыт-бағдар болары сөзсіз.
Ұйымдастыру алқасы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен «Арман-ПВ» баспасының Бас директоры Алина Дидара Солтан-Махмудоваға және барлық қатысушыларға шынайы алғысын білдіреді.
Білім биігін бағындырған үздік STEM-педагогтерді жеңістерімен құттықтаймыз!

