2024 жылғы 30 мамыр күні «STEM білім беру – оқушылардың ғылыми-шығармашылығын дамытудың кепілі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізілді.Конференцияның мақсаты: педагогтердің кәсіби және шығармашылық қызметінің деңгейін арттыру, мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін және ғылыми деңгейін дамыту.Конференцияның міндеттері:1)педагогтердің ғылыми пәндерді оқу процесіне ықпалдастыру және зерттеу тәсілін ынталандыру деңгейін арттыру;2)ынтымақтастық және командалық жұмыс дағдыларын дамыту; 3)оқытуда технологияларды пайдалану, қызықты және практикалық тапсырмаларды жасау құзырлылығын дамыту.Конференция жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ профессорлық-оқытушылық құрамы мен республикамыздың барлық өңіріндегі білім беру ұйымдарынан 200 астам педагог қатысты.STEM білім беру – ғылым, технология, инженерия, математика сынды бағыттарды ұштастыратын ұғым, бұл бағыт оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар функционалдық сауаттылығын арттыруға жетелейтін ілім екені баршаға аян. Соның дәлелі ретінде, конференцияда әрбір баяндамашы аталған технологияны тек қана жаратылыстану пәндерінде емес, сонымен қатар гуманитарлық бағыттағы пәндерге де енгізе отырып, кіріктірілген сабақ процесін ұйымдастыруға болатынын өз жұмыстарында ұсынды.Конференция жұмысына тәжірибесін ұсынған баяндамашылар Алғыс хаттармен марапатталып, барлық жұмыстар электронды жинақ ретінде шығарылатыны жайлы айтылып, іс-шара мазмұнды пікірлермен қорытыланды.

- 30 Май
- 2024