Алматы облысы Талғар ауданы №42 орта мектепте Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары Дариға Қартбаева және Фатима Қаракушекова «STEM технологиясы бойынша сабақтарды тиімді жоспарлау»тақырыбында мектеп педагогтеріне әдістемелік-семинар ұйымдастырды. Семинарға жаратылыстану пәні бойынша 30 мұғалім қатысты.
Әдістемелік семинардың басты мақсаты – STEM тәсілдері негізінде жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқытудың тиімділігін арттыру. Міндеттері: жаратылыстану пән мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысын STEM – арқылы пәндік оқыту құзыреттілігін жетілдіру. Семинар барысында STEM, STEАM, STREM технологиясының ерекшеліктері түсіндірілді. Сабақ жоспарлауда Steam және Strem-ге негізделген тапсырмаларды құрастыру және АКТ қолданылатын интерактивті әдістері талқыланды.


